Қоқысқа тасталған төлқұжаттар мен куәліктер үйіндісі табылды
Ескі жаңа жыл қарсаңында Алмалы ауылының тұрғындарына күтпеген «сый» тарту етілді &ndash бүгін Жайықтың жағасында құрылыс қалдықтарының  тау-төбе болған үйіндісі пайда болды. Бірақ тосынсый осымен шектелген жоқ: бәрін білуге құмар адамдар қоқыс арасында жатқан әртүрлі дәрежедегі маңызды құжаттарға тап болды деп жазады azh.kz. 
 
Төлқұжаттар мен жеке куәліктер (2028 жылға дейін жарамды), азаматтардың өтініші, төлем құжаттары, жүргізуші куәлігі, табысы туралы анықтамалар... Мұның бәрі қалай қоқысқа түсіп кеткен?
 
Редакция өз кезегінде бірнеше кодекс нормаларын бұзғандарға тиісті сұраныс жолдады.