Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қоластындағыларға жұдырық жұмсаған полковниктің басы дауға қалды

25 шілде 2020, 17:38

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығы қызметкерлеріне қол жұмсап, тамақ тасытқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Жамбыл облысының тұрғыны Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығын «қызметкерлеріне күн көрсетпейді» деп айыптап отыр. Оқиға 4-маусым күні болған. Бейнежазбаға қарағанда полицейлер әлдебір іс-шараға дайындалып жатқан сияқты, өйткені барлығы қолдарына қалқан, үстеріне оқ өтпейтін кеудеше, бастарына бастарына каска киіп алғыны анық байқалады.

 

Бейнежазбаны жолдаған тұрғын полиция полковнигі жас мамандарды резеңке таяқпен ұрып тәрбиелеп, тамақ тасытып қорлық көрсетіп жүргенін айтады. Дәлел ретінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнежазбаларды жіберіпті.

 

Басы дауға қалған полковник Қуаныш Бекқожаев видеодағы қолына таяқ ұстап қызметкерлерді ұрған азамат өзі екенін мойындап отыр. Полковниктің айтуынша, бұл жұмыс барысында кездесетін қалыпты жағдай.

 

"Аталмыш факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаметінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс басталып кетті",- дейді полиция департеметінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.