Мәселе

Қолға алмасақ ажырасу мен суицид көбейе береді – белсенді Президентке хат жазды

  • Қолға алмасақ ажырасу мен суицид көбейе береді – белсенді Президентке хат жазды

    Қолға алмасақ ажырасу мен суицид көбейе береді – белсенді Президентке хат жазды

Қоғам белсендісі әрі ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған Жәнібек Қожық ажырасу мен өз-өзіне қол салу жағдайлары жиілеп кеткенін айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты нақты шара қабылдауға шақырды, деп хабарлайды  ulysmedia.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген екен қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов. Қазір қазақтың киелі бесігі қисайып, қасиетті шаңырағы да  шайқалып тұр. Сондықтан да нақты шара қолданар уақыт келді», - деп жазды Жәнібек Қожық фейсбуктегі парақшасында.
Оның дерегінше, қазір Қазақстанда орта есеппен жылына 150 мыңнан аса жастар шаңырақ көтерсе, соның 55 мыңға жуығы 1 жылда ажырасып кетеді. Сонда күн сайын елімізде 150 шаңырақ құлайды деген сөз.  (54750 :365 күн = 150) Қазақстанда әр күн сайын 150 үйі бар 1 ауыл жойылып отырғанмен бірдей. Өкініштісі сол, бұл сан жыл сайын артып барады... Әр ажырасқан отбасында 2 баладан бар десек, 1 жылда 100 мың бала тірі жетім, 50 мыңнан аса ана тірі жесір атанады. Ал,  Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде қанша отбасы ажырасты, қаншама бала тірі жетім, қаншама ана тірі жесір атанды?! 

«Бұл күндері миллионға жуық бала әкесіз, немесе өгей әкенің қолында өсіп келеді. Бұл жағдай балалардың мінез-құлқына кері әсер ететіні белгілі. Оны зерттеп жүрген үкімет бар ма?!  Халықаралық тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау мен ажырасудан орта Азияда 1-ші, әлемде алғашқы орынға кіреді дейді. Бұл  рас болса, зор қасірет емес пе? Біздің үкімет оқиғаның себебімен емес, салдарымен ғана күресіп келеді. Соттар алдына барған ерлі-зайыптыларды онлайн болса да тез ажыратып жібереді», - дейді ол.
Қоғам белсендісі биліктің жұмысы ажырасқан әкеден балаға алимент алып беру, сотпен дүние-мүлкін бөлу, балаларды бөлісу, жәрдемақы тағайындау,  жалғызбасты ана мәртебесін беру шараларые ғана қабылдайтынына наразы. Бұдан ажырасу тоқтамайды дейді ол. Ажырасу мен өз-өзіне қол жұмсау көбейе береді.

«Қазір нақты шешім қабылдайтын уақыт жетті. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің үш ұсынысым бар. Бірінші,  2022 жылды «Шаңырақты сақтау жылы» деп жариялансын. Екінші,  Ажырасу мен өз-өзіне қол жұмсаудың  басты себептерін анықтау  үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылсын. Еліміздегі ажырасу мен өз-өзіне қол жұмсаудың басты себептерін ғылыми тұрғыда кәсіби мамандар жан-жақты толық  зерттесін, қортындысын шығарсын. Үшінші,  Мемлекет ажырасу мен өз-өзіне қол жұмсаудың  басты себептерін анықтағаннан кейін, оларды жоюға жұмыстансын. Мемлекеттік бағдарламалар қабылдасын,  қазынадан мол қаражат бөлінсін. Егер де бүгін нақты шешім болмаса, анау кінәлі, мынау кінәлі деп жүре берсек, бұл індет жалғаса береді. Ертең соңында қазақ ұлты жер бетінен жойылып тынады», - деп жазды Жәнібек Қожық.
 

Автор: Қолға алмасақ ажырасу мен суицид көбейе береді – белсенді Президентке хат жазды




Көрілген: 966    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 13:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31