Мәселе

Көлігімен жолды бөгеген әйел балалы келіншекке жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)

  • Видео кадры

    Видео кадры

«Көріністегі оқиғаға байланысты куәгерлерді табуға көмек беріңіздерші» деп Facebook әлеуметтік парақшасында тараған видео көпшіліктің назарын өзіне аударды.


Мамыр айының 18 күні Алматы қаласы Жетісу 3-шағынауданындағы «Рахат» клиникасының маңайында жас келіншекке белгісіз әйел қос қызымен шабуыл жасап, таяқ астына алған.


Оқиғаға жас келіншектің сүт өнімдері сататын дүкенге баланың арбасымен кіре алмауы себеп болған. Өйткені жолды бөгеп Nissan Qashqai маркалы автокөлігі рұсатсыз орынға қойылған. Осы кезде емізулі баласы бар келіншек көліктің дөңгелегін теуіп, оны жылжытсын деп дабыл жүйесін қосады. Осы кезде көлік иесі дүгеннен шыға сала жас келіншектің жағасын жыртып, жұлқылап, былапыт сөздермен намысына тиіп, айқай шығарған. Жанжалды бастаған әйелдің қызы да жас ананы аямай тепкі астына алады. Қолында баласы бар келіншек қорғануға дәрменсіз еді.


Әбден таяқ жеген келіншек кейін көліктің номерін телефонға түсіріп алмақ болады. Бірақ айқайға басқан көлік иесі оны тағы да таяққа жықпақ болады. Құзырлы органдарға жүгінген келіншек куәгерлерді іздеп, әлеуметтік желіде іздеу салады.


Ескерту! Видеода балағат сөздер бар



sn.kz 




Көрілген: 1239    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30