Мәселе

Көлік иесі жолды күтіп ұстамаған «ҚазАвтоЖолдан» 8 млн өндіріп алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» трассасында жол апатына түскен көлік иесі жолды күтіп ұстамаған «ҚазАвтоЖол» компаниясынан 8 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық соты таратқан ақпаратқа сәйкес, 2018 жылдың қаңтар айында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытындағы жолдың 82 шақырымында «Skoda Rapid» пен «Skoda SuperB» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан «Skoda Rapid»-тің жолаушылары Ақмола облысының Шортанды және Ақкөл аудандарының орталық аудандық ауруханаларына әртүрлі дене жарақатымен жеткізілген. Кейіннен бір жолаушы көз жұмды.


Ақмола облыстық Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (жолаушы өліміне алып келген жол апаты) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірақ «Skoda Rapid» жүргізушісінің ісінде қылмыс құрамының болмауына байланысты соталды тергеу тоқтатылды.


Көлік иесі жолаушыларға, оның ішінде қаза тапқан жолаушының жұбайына материалдық шығын мен моральдық зиянды толығымен өтеп берген. «Skoda Rapid» маркалы көліктің нарықтағы бағасы 2 894 000 теңге деп бағаланған. Көлік қайта қалпына келтіруге жатпайды.


Осыдан кейін көлік иесі Есіл аудандық сотына «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан 8 194 000 теңге көлемінде шығынды өндіріп беру туралы арызбен жүгінді. Бұл сомаға жолаушылар мен көз жұмған жолаушының жұбайына төленген ақша және қалпына келтіруге жатпайтын көліктің құны енгізілген», - делінген елорда соты таратқан ақпаратта.


Нәтижесінде сот «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы көлік апаты болған күні жолды қардан аршу бойынша да, көктайғаққа қарсы да ешқандай шара қабылдамағанын анықтаған.


«Сондай-ақ аталмыш жол учаскесінде қозғалысты жабу немесе жылдамдықты шектеу бойынша да ешбір шара қолданылмаған. Сот шешімімен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан «Skoda Rapid» иесінің пайдасына көрсетілген шығын сомасы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді», - делінген ресми ақпаратта.


 




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 19:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31