Мәселе

Көлік тұрағы ақылы болып кеткен: Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жандар мұңын жеткізді

  • Көлік тұрағы ақылы болып кеткен: Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жандар мұңын жеткізді

    Көлік тұрағы ақылы болып кеткен: Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жандар мұңын жеткізді



Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жандар мұңын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.


Автотұрақ ақылы болып кеткен: Шымкентте арбаға таңылған мүгедектер мұңын жеткізді


"Шымкент-Плаза" сауда орталығындағы мүгедектерге арналған тұрақ ақылы болып кеткенін айтып ашынған мүмкіндігі шектеулі жандар наразылығын жеткізді. Сауда орталығының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуын талап еткен олар орталықтың басшылығына шағым айтқан.


Нәтижесі болмаған соң, ашынған мүгедек адамдар құзырлы органдарға арызданған. Тексеру жасаған органдар ірі сауда орталығына әкімшілік шара ретінде  200 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 505 мың теңге айыппұл салған.


Алайда, мүмкіндігі шектеулі жандар әлі де тегін тұраққа кіре алмай отыр. Ол үшін басшылыққа арнайы құжаттарын көрсетіп, мүгедек екенін дәлелдеуі керек екен.


"Кассаға барып, қызметкерлерге мүмкіндігім шектеулі екенін дәлелдеп, құжатымды көрсетуім керек. Мүгедек екенімді есіме алып қысылып, қолайсыз жағдайға қаламын", - дейді Мұрат Жетпісбаев.


Сонымен қатар, сауда үйінің ішіндегі киім ауыстыратын орын да тым тар көрінеді. Бұл қателіктерін мойындаған сауа орталығының басышылығы олқылықты жөндейміз деп уәде берген. Алайда, мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы құжаттық тексерусіз кіргізе алмаймыз деп шорт кесті олар. Бұл қауіпсіздік шаралары үшін қажет екенін түсіндірді орталық әкімшілігі.


"Не үшін құжат сұраймыз? Өйткені біз де көз жеткізіп, алайықтықтан сақтануымыз керек", - дейіді сауда орталығының әкімшісі Ботакөз Тәжібаева.


 



 

 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 14:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31