Мәселе

"Көлікпен жүруге, серуендеуге болмайды": Алматы полициясы мәлімдеме жасады

  • https://total.kz/

    https://total.kz/

Алматыда карантиннің бірқатар шаралары әлі де өз күшінде. Оңтүстік астана полициясы тұрғындарға не істеуге болатынын және болмайтынын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Алматыдағы карантинді жеңілдету тұрғындардың қала ішінде еркін қозғала алуына жол ашық дегенді білдірмейді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов айтты.

 

Бұған дейін мегаполистегі кедергі бекеттердің жұмысы тоқтатылғаны туралы жазған едік. Алайда, тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, бұл өзгерістер тұрғындардың қала ішінде еркін қозғалуына болады деген сөз емес екен.

 

"Бұл карантин бітті деген сөз емес. Ережелер мен шарттар өзгерген жоқ: аса қажет болмаса, қала бойынша көлікпен жүруге және серуендеуге болмайды. Қалада жүріп-тұру тек өз жұмысын бастаған нысандарға және жедел штабтың арнайы базасына енгізілгендерге ғана рұқсат етілген", – деді Қанат Таймерденов.

 

Сондай-ақ мегаполистің бас полицейі тәртіп сақшыларының қала аумағындағы адам көп жиналатын жерлерін, яғни саябақтарды, алаңдарды патрульдеуін жалғастыратынын да қоса кетті.

 

"Анықталған әр факті нәтижесінде мұқият қаралады, шаралар қабылданады. Біз тұрғындарды және қала қонақтарын карантин ережелері мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз орындауға шақырамыз", – деді Қанат Таймерденов.

 

Полиция қала шетінде бұрынғыша 27 блок-бекеттің штаттық режимде жұмыс жасап тұрғанын хабарлады.

 

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

 

 


 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 23:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30