Мәселе

"Көлікте зорлады": 16 жасында тұрмысқа шығып, үш еркектен 4 бала туған

  • Фото: Видеодан кадр/ КТК

    Фото: Видеодан кадр/ КТК

Тағдырдың тауқыметін ерте көрген Айгүл Нұржанова небәрі 16 жасында зорланған. Анасынан алты жасында айырылған ару ана мейіріміне қанық емес. Әкенің қатал тәрбиесі болса керек, ол кәмелет жасқа жетпей сұмдықты бастан кешірген деп хабарлайды КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Жастайынан азапты күндерді көрген Айгүл өткенін өмірін өкінішпен еске алады.


"Мен 9 бітіргеннен кейін жұмысқа шықтым. Өйткені күнкөріс қиын болды. Өзіміз пәтерде тұрамыз. Одан кейін әкеммен бірге бөлек пәтерде тұрдық, біз әкем екеуміз ғана.

Сонда әкем жұмысқа ауысымға кетеді. Мен сол кезде әкем жұмысқа кеткен кезде түнге қарай жеңгемнің үйіне барып қонамын.


Сөйтіп жолда кетіп бара жатқанымда сол көшеге келіп жүрген бір кісі ме? Әлде жас жігіт пе? Ондай жақсы танымаймын. Сол жерге келіп жүргенін көретінмін үнемі. Сол өтіп бара жатыр екен көлігімен.


"Е, қарындас қайда барасың?" деді. Сосын "арғы көшедегі жеңгемнің үйіне бара жатыр едім" деп айттым .

Сонда ол "отырсайшы, мен де сол жаққа бара жатырмын ғой деді. Жарайды деп отырдым. Сол кезде көліктің ішінде зорлап тастады", - деді ол.


Осылайша, ары тапталған Айгүл тоғыз айдан соң өмірге тұңғыш ұлын әкеледі. Алайда оны әкесі балалар үйіне өткізіп жібереді.


Ал бойжеткеннің өзі кәмелеттік жасқа толмай жатып, басқа жанұяның табалдырығын аттайды.


Бірақ, жолдасымен отбасылық ғұмыры ұзақ болмай, "қайын сіңлілерімнен теперіш көрдім" деген Айгүл екінші ұлды дүниеге әкелісімен, кезекті жүктілігіне қарамай жолдасына қолхат жазып, ұлын тастап кеткен.


"Мен қайын сіңілімді шақырдым. Қайын ағаммен бірге келді. "Мен баланы сіздерге беремін. Баға алмаймын баланы. Осындай жағдайым. Мүмкін, ертеңгі күні жағдайым жақсарып жатса, баламды аламын", - деп едім.

"Сен одан кейін баланы бізге бересің, бірақ сен көрмейсің қайтадан. Балаң саған аман-есен керек болса, бізге келмейсің.


Біз онсыз да сені осы кезге дейін баққанбыз. Бізге көрмеймін деген қағаз жазып бересің", - деді. Мен жарайды дедім", - дейді Айгүл.


Қазіргі таңда келіншектің зорланған соң, аяғы ауырлап, дүниеге әкелген тұңғышы "Нұр" балалар үйінде тәрбиеленуде. Жасы 9-да.


Ал, екінші ұлы бұрынғы жолдасының қолында өсіп жатыр. Ол алты жаста екен. Екі баласынан жырақта болған ана балаларының иісіне зәру.


"Баламды білмеймін кешіреді ме, кешірмейді ме. Кешіретін шығар мүмкін. Өйткені бала деген қанша дегенмен ананы аңсайды. Өзім де анасыз өскенмін", -деді келіншек.


Кәмелет жасқа толмай зорланған Айгүл Нұржанованың 16 жастан бастап жеке басында куәлігі жоқ. Жасатуға қаражаты да жеткіліксіз.


"Мектеп бітірген кезде бізге аттестат алу керек болды. Сол кезде менің туу туралы куәлігімді сұрады. Менің туу туралы куәлігімді іздедік. Бізде ол жоқ болып шықты. Қайда екенін білмеймін. Жоғалып кеткен. Сонымен жоғалып кетті", - деп баяндады Айгүл.


Қазіргі таңда азаматтық некеде болған үшінші жолдасынан туған екі баласы Айгүлдің өз қолында. Ол енді балаларының басын қосып, толыққанды өмір сүргісі келеді.


Бағдарлама барысында Айгүлдің тұңғыш баласы өсіп жатқан "Нұр" балалар үйінің басшысы Тұяқ Есхожина Айгүлді екі баласымен бірге өз қарамағына шақырды.


"Нұр" балалар үйінің басшысы қиын сәттерде демеу болып, балаларды өзім оқытамын деп отыр. 


 




Көрілген: 4367    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30