Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Командир әскери қызметшіні несие алуға мәжбүрлеген

06 тамыз 2022, 15:44

Өскемен қаласында әскери қызметшіге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді. Әскери қызметшінің анасы рота командирінің заңсыз әрекеттері жайлы әлеуметтік желіге жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеген.

 

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

 

«Аталған дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады», – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.