Мәселе

Комиссия шешімі өзгерді: Атырауда дәрігерлер шағымынан соң өтемақы төленетін болды

  • Комиссия шешімі өзгерді: Атырауда дәрігерлер шағымынан соң өтемақы төленетін болды

    Комиссия шешімі өзгерді: Атырауда дәрігерлер шағымынан соң өтемақы төленетін болды

Атырау облысында 1 105 медицина қызметкері коронавируспен ауырған болса, олардың 90 проценті өздеріне тиесілі өтемақыны алған

Атырау облысы аймақтық комиссиясының шешімімен Атырау қаласындағы коронавируспен ауырған №1 емхананың тағы 11 медицина қызметкеріне әлеуметтік төлем төленетін болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін аймақтық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан дәрігерлерге әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштерді қараудан бас тартылғаны хабарланған. Ал медицина қызметкерлері мұндай шешімге қарсы шағымданған. Олардың айтуынша, емхана қызметкерлерінің көпшілігі қызметтік міндетін орындау барысында коронавируспен ауырған.

"Жалпы алғанда, облыстық комиссия қарауына №1 емхана әкімшілігі 33 медицина қызметкерінің құжатын ұсынды. Оның ішінде 10 өтініш мақұлданды. Денсаулық сақтау мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 10 қазандағы №129 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілгеннен кейін, комиссия мүшелері 23 адамның құжатын қайта қарады. 22 өтініш бойынша дәлелді бас тарту жасалып, тағы 1 құжат бойынша оң шешім қабылданды", &ndash делінген хабарламада.
Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 1 105 медицина қызметкері ауырған, оның 955-і аймақтық комиссияда қаралған. Инфекциялардың тек 67%-і расталған немесе 476 жағдай кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты. Қазіргі кезде өтемақыны медицина қызметкерлерінің 90%-і алды (476 адамның 427-сі), олар кәсіби қызметін атқару барысында инфекция жұқтырған.

sputnik.kz




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30