Мәселе

"Көңілдесіңізді біліп алады": Шымкенттің бас дәрігері ер адамдарды ерекше жолмен вакцина алуға шақырды

  • ФОТО С FACEBOOK МОЗ

    ФОТО С FACEBOOK МОЗ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ер адамдарды ерекше жолмен коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі vera.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Жергілікті басылымның жазуынша, Шымкенттің бас дәрігері күні кеше әлеуметтік желіде ер адамдар үшін әзіл аралас жазба жариялап, коронавирусқа қарсы вакицна алудың маңыздылығын түсіндірген.

 

"Сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңізге беретінімізді ұмытпаңыз. Ол сіздің барлық көңілдесіңізді біліп алады. Сондықтан, "ұсталып" қалмас үшін вакцина алыңыз", - деп жазды Бақытжан Позилов желідегі парақшасында.

 

Басылымның жазуынша, кейін дәрігер жазбасын өшіріп тастаған. Алайда жазбаның скриншоты әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.

 

Бақытжан Позиловтың жазбасы. Скриншот: vera.kz 

 

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 396 417 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

 

 




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31