Мәселе

"Қоңыр әулие" үңгірі жанынан қонақ үй ашылды - Абай ауданы

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Абай ауданындағы қасиетті орындардың бірі саналатын "Қоңыр әулие" үңгірі жанынан заманауи талаптарға сай қонақ үй ашылды.

 

Айта кетейік, қасиетті орынға "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр электр желісі тартылса, биыл үңгір ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 

- Жиыны 7 бөлмеден тұратын қонақ үй заманауи талаптарға сай барлық тиісті жабдықтармен қамтылған. Су, электр желісі іске қосылған, - дейді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Борашев.

 

Ал күні кеше ғана аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен осы Абай ауданында болды. Әкім ауданда "Бір қабатты Шығыс" аймақтық бағдарламасы шеңберінде "Абай саябағы" аумағында салынып жатқан қос пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты. Тұрғын үйлерге кіріп, ондағы құрылыстың көлемі, тұрғын үйдің жобасы, құрылыс сапасына назар аударып, ондағы жұмыстардың ойдағыдай жүргізіліп жатқандығына ризашылық білдірді.

 

- Әлеуметтік маңызы бар бұл тұрғын үйлер Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығы қарсаңында тұрғын үйге мұқтаж жандарға берілуі қажет, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 

Ауданда "Бір қабатты шығыс" аймақтық бағдарламасы аясында былтыр қос пәтерлі 16 тұрғын үй салынып, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 32 отбасы баспаналы болған. Келесі жылы да ауданда қосымша қос пәтерлі 16 тұрғын үй салу жоспарлануда.

 

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 1832    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31