Мәселе

Көп балалы ананың көз жасы ұрып жүрмесін

  • Көп балалы ананың көз жасы ұрып жүрмесін

    Көп балалы ананың көз жасы ұрып жүрмесін

Таяуда редакциямызға Шымкент қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Гүлсана Жақанова есімді келіншек хабарласты. Ол Шымкент қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкер­леріне наразы екендігін айтты. Көпбалалы келіншек өз басындағы жағдайды бізге былай деп баяндап берді:

 

«2015 жылы көпбалалы ана және аз қамтылған отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тұру үшін құжат тапсырған едім. 2019 жылдың тамыз айында құжаттарымды жаңалауға «ЖКХ-ға» қайта барғанмын. Сөйтсем, мені әу баста көп балалы аналардың кезегіне емес, бюджеттік ұйым қызметкерлерінің кезегіне тіркеп қойыпты. Оны неше жыл өткеннен кейін ғана біліп тұр екенмін. Ал кезегі бөлек жүретін әлгі санатқа менің түк те қатысым жоқ. Оның үстіне біздерге үй тегін жалдамалы ретінде берілсе, бұл санаттағыларға ипотека ретінде беріледі.

 

Мені басқа санат бойынша кезекке қойып қойғанын білгеннен кейін сол күні-ақ мені көпбалалы ана ретінде үй алатындардың тізіміне ауыстыруын сұрап, өтініш жазып тас­тап кеттім. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтті, менің өтінішімді әлі қанағаттандырмай отыр. Ондағылар маған кезектен шығып, көпбалалы ана ретінде қайтадан кезекке тұруым керегін айтады. Сонда менің бес жыл уақытым бекерге зая кетіп отыр ма?! Мен де еріккеннен жүргенім жоқ қой. Бар үмітім осы үйде еді.

 

Өзім айына 30 мың теңге төлеп, қуықтай бір бөлмені жалдап тұрамын. Базарда алма сатып күнелтемін. Содан түскен тиын-тебен мен жәрдемақыны айдан айға жеткізіп отырмыз. Жолдасым жоқ. Төрт баламен пәтерден пәтерге көшіп шаршадым.

 

Бұл жерде кінә менің тарапымнан емес. Құжаттарымның бәрін дұрыс тапсырғанмын. Шатасып, «бюджетный» етіп, кезекке қойып жібергендіктен қателік солардан болып отыр. Мұны өздері де мойындаған болатын.

 

Енді барсам мардымды ештеңе айтпайды. Соңғы рет бас сұққанымда менің көзімше біреуге телефон соқты, олар «хат жолдаңыздар, қараймыз» деген. Содан бері әр барған сайын түрлі сылтау айтып, «келесі аптада келіңіз» деп шығарып салады. Әне-мінемен шаршатты. Осылай уақытты соза берсе, мүл­де кезектен шығып қаламын ба деп қорқамын».

 

Бұл мәселенің шешімін қалай табарын білмей шырылдаған ананың айтқаны осы болды. Гүлсана енді кімге барып шағымданарын да білмей отыр.

 

«Сол 2015 жылы кезекке тұрған көпбалалы аналар қазір кезегі келіп, үй алып жатыр. Мені де көпбалалы ретінде кезекке тіркегенде осы күнге дейін кезегім келіп қалар еді. Болмаса әкімдіктен сертификат алып, «Бақытты отбасы», тағы да басқа бағдарламалар бо­йынша баспаналы болар едім. Енді оның ешбіріне іліге алмай отырмын. Қазір «бюджетныймен» 10 мың 500-ші кезекте тұрмын, ал көпбалалы ретінде тұрғанымда 3000-ның төңірегінде жүретін едім», – дейді ол сөз арасында.

 

Біз де Гүлсананың жанайқайын жеткізуге тырыстық. Бір баспанаға үмітті болған көпбалалы келіншектің ендігі жағдайы қалай болары белгісіз. Әйтеуір мәселе шешусіз қалмайды деген ойдамыз.

 

 

М. БИБОЛ.

www.zamana.kz




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31