Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көп жанұяның үйлі болуына себепкер кәсіпкер жындыханаға қалай түскенін айтып берді

20 шілде 2020, 08:56

Екі жылдың ішінде 560 жанұяның үйлі болуына қол ұшын берген оралдық кәсіпкер Арген Нұржанов басынан өткен қиын жағдайларды баяндап берді. Ол жазықсыз жындыханаға қамалғанын, ағасының сотында тергеушіні соққының астына алғанын, бір жылдай қашып жүргенін, қазіргі уақытта төрт отбасын асырап отырғанын Youtube желісіндегі Уақыт көрсетеді жобасында ашып жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

"2001 жылы Орал қаласына келіп, даяшы болып жұмысқа тұрдым. Үшінші жұмыс күнімде сол ауданның жігіттері келді. Тапсырысының барлығын апарып бердім. Сосын ішті, жеді. Соңында есепті төлеуін өтінсем, "бұны сен бересің, себебі, сен біздің районда жұмыс істеп жатырсың" деді. Содан жанымда тұрған орындықты алып, біреуінің басынан қойып қалдым. Менің соққымнан кейін, кафенің ішінде төбелес басталды", - деді кәсіпкер.

 

Ол мекеме басшылығы ертесіне жұмыстан шығарып жібергенін, осыдан кейін психологқа қаралу туралы ой келгенін жасырмады.

 

"Психологқа барып, барлық жағдайды түсіндірдім. Сабырсыз екенімді, ашуға тез берілетінімді, эмоцияның адамы екенімді жеткіздім. Маманнан негізінде көмек сұрауға барған едім. Кинода психологтар кәдімгідей көмектеседі ғой, маған да солай дәрі жазып, ақыл кеңес айтатын шығар деп ойладым. Бірақ ол күзетшілерді шақырды да, мені торға салып тастады", - деді Арген.

 

Кәсіпкер осыдан кейін Орал қаласындағы жындыханада жатқанын мойындады. Арсен ондағы өмірі өте қиын болғанын суреттеп берді.

 

"Жындыхананың есік-терезесінің барлығы қымталған болатын. Тіпті дәретханаға да жібермеді. Ол жаққа сұрансаң да, сөзді елемейтін. Адам құрлы көрмейтін. Қолыңа шелек ұстатып, осында отыр дейтін. Бір күні түнде шошып, оянсам, қасымдағы бір жынды, екіншісін төсектің темірімен сабап жатыр. Сосын менде төсектің темірін жұлып алып, маған келсе дайын отырайын деп жоспар құрдым. Жындыханадағы жағдайды ауызбен жеткізу мүмкін емес", - деді Нұржанов.

 

Ол жындыханадан қалай шыққанын да айтты.

 

"Он күннен кейін медбикеге "дәрігер керек, қатты қиналып жүрмін" дедім. Ол менің сөзімді екі етпеді. Дәрігерге барып жағдайымды түсіндірдім. Сау екенімді дәлелдедім. Сосын консултациялық кеңеске болып, неше күннен кейін екенін нақты білмеймін, көп дәрі жазып беріп, мені жындыханадан шығарды", - деді ол.

 

Арген Нұржанов қазіргі уақытта еліміздегі ірі компанияның иесі екенін, көптеген ел тұрғындарының баспаналы болуына ұйытқы болып жұргенін білдірді.

 

Сонымен қатар кәсіпкер ағасының абақтыға қамалғанын, оның сотында тергеушіні "тепкінің астына алғанын" сол үшін бір жылдай қашып жүргенін мойындады.

 

Оның сөзінше, бүгінде Аргеннің жағдайы өте жақсы. Ер адам төрт отбасына асырап отыр.