Мәселе

Көпбалалы аналар Алматы әкімдігінің алдында шу шығарды

  • Көпбалалы аналар Алматы әкімдігінің алдында шу шығарды

    Көпбалалы аналар Алматы әкімдігінің алдында шу шығарды

Алматы қаласының әкімдігін көпбалалы аналар аяғынан тік тұрғызды. Ғимарат алдына жиналып наразылық білдірген аналар қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың сыртқа шығып, сұрақтарына жауап беруін талап етті. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиналғандар қанша айқайласа да Бақытжан Сағынтаев та, оның орынбасарлары да шықпады. Тек бірнеше басқарма басшылары наразы топтың назын тыңдауға келді.

Ашулы аналар 15 күн бұрын талаптарын тізіп әкімдікке хат өткізіп, оған ешқандай жауап ала алмағанына ренжулі.

Оның үстіне, әкімдік қызметкерлері өздері тіркеп алған хатты жоғалтып алған сынды.

"Заңдастырылған деп айтады, бірақ қолымызға түспейді. Неге заңдастырылған талапқа жауап қайтарылмайды деген мәселемен бұл кісілерге 15 кұн бұрын тастадық. Бұл кісілердің соншалықты немқұрайлы қарайтыны, қағаздардың қайда қалғанын білмейді", - деді көпбалалы ана Айнұр Әбдікерімова.

Аналардың талабы - әлеуметтік мәселелер: үш баласы барларға да жәрдемақы беру, атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту, медициналық қызметті, әсіресе тіс емдетуді тегін ету, баспана мәселесін шешу, тіпті, көпбалалы аналардың несиесін кешіруді де талап етіп жатыр.

"Бұл сұрақтарды қарастырып, оған ресми түрде жауап беріледі. Ауызша жауап беру мүмкін емес, зерттеу керек, зерделеу, қарау керек", - деді Алматы қаласы ӘӘҚ басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Білім бөлімінің директоры да нақты жауап жоқ екенін айтты. Әкімдік алдына жиналғандардың дені Алатау ауданының тұрғындары екен.

Оқиға орнында аудан әкімі де көрінді. Азамат Қалдыбековті аналар сұрақтың астына алды. Ал әкім барлық талаптан хабардар екенін, ал жиынның заңсыз екенін айтты.

"Біздің қалалық, болмаса аудандық әкімдіктің құзіретіне кірмейтін талаптар ғой. АӘК-ті ұлғайту, тегін стамотология беру, мектеп формасын ақшалый түрде беру", - деді Азамат Қалдыбеков.

Жеті талапты орындауға қауқарсыз әкімдік қызметкерлері ресми жауап боларына сендірді.

Қала әкімін көре алмаған аналар, дәл осы талаптарын тізіп, президентке хат жолдайтын болды.

Ал наразы топты полиция тек сырттай бақылап тұрды.




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31