Мәселе

Көпбалалы аналар жәрдемақыға неліктен қол жеткізе алмай жүр?

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Көпбалалы аналар ақпараттық жүйедегі былықтың кесірінен атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай отыр. Яғни мақтауы асқан «Е-halyk» ақпараттық жүйесі бір құжатпен қызмет көрсетуге дайын болмай шықты. Әу баста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыға өтініш беру үшін жеке куәлік жеткілікті деп жар салған еді.


- «Е-halyk» – жер кадастры, жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесімен байланыспаған. Сондай-ақ, жүйе әкелікті растау, алимент бойынша мәлімет, 2017 жылдың 13 тамызына дейін туған балалардың туу туралы куәліктерін көрсетпейді. Ол аздай алты баласы бар жанұя базада төрт адамнан тұратын отбасы ретінде көрсетілген. Сәйкесінше, әлеуметтік жәрдемақы базада жалақы ретінде тұр.


Яғни ақпараттық жүйенің жұмысы жетілдірілмеген. Атаулы көмек алуға қажетті барлық мәлімет мұнда жоқ болып шықты. Сөйтсе, кей министрліктер өздеріне қарасты мәліметті дер кезінде өзгертпеген. Сондықтан жұмыспен қамту орталығындағылар кейбір аналардан бума-бума құжат сұратқан.


Атқамінерлердің ақпараттық жүйені уақытында реттемеуі салдарынан аналарды әуре-сарсаңға салып қойған. Дегенмен мамандар құжат жинағысы келмейтіндерге жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері көмек көрсетеді деп отыр.


Есесіне, 30 күн күтуге тура келеді.


Бүгінге дейін елімізде 103 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген.


Ербол Оспанов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті:


- «Е-halyk» бірінші сәуірден бастап дайын. Енді азаматтардың бәріне тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қандай құжат керек, қай жерден алады бұл сұрақтарға жауапты 111 орталыққа хабарласып алуға болады.


 ktk.kz




Көрілген: 842    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 09:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31