Көпбалалы отбасылар тұрғын үй кезегінде тұрмауы тиіс – әкім

20 қараша 2020, 19:06

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп берді. Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.
Оның айтуынша, былтыр жыл басында баспана кезегінде 906 отбасы тұрған. Оның ішінде ауылдық жерде тұратын 563 отбасы баспаналы болды. Алдаы 1-2 жыл ішінде баспана кезегінде тұрғандардың проблемасы түбегейлі шешіледі.

«Биыл өңірде 1038 көпбалалы отбасы қоныстойын тойлайды. Кезекте тұрғандардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылдан бастап баспана алу кезегі 4 есе өсті. Көпбалалы отбасылардың тұрғын үй алу кезегін 2022 жылға дейін жоюды жоспарлап отырмыз, &ndash деді әкім.
Аймақта тұрғындарды сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 588 мың шаршы метр 122 көп пәтерлі және 217 бір қабатты үй салынып жатыр. Биыл 74 көппәтерлі және 204 бір қабатты үйлердің  кілті тапсырылады. 4 900 пәтер иесі қоныстой тойламақ.

aikyn.kz