Мәселе

Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа жүйесі қалай жүзеге асады?

  • Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа жүйесі қалай жүзеге асады?

    Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа жүйесі қалай жүзеге асады?

Бұл туралы «ТКШ реформасы: МИБ институтын енгізу туралы» брифингте айтылды.

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков өз мәлімдемесінде, 2020 жылдан бастап «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты бойынша мүлік иелерінің бірлестіктері институтарын енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда екенін айтты.

 Реформаны іске асырылудың маңыздылығы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйетегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына Жолдауында айтылды. Бүгінгі таңда 54 500 көппәтерлі тұрғын үйдің 46 500-і басқарудың жаңа нысанына көшіруге жатады. Шамамен 8 мың көппәтерлі тұрғын үй көшіруге жатпайды. Бұл әкімдіктердің коммуналдық меншігіндегі ұлттық компаниялар мен өзгеде құрылымдардың балансдағы үйлер жәнеде авариялық немесе бос тұрған пәтерлер, -деді Бақытжан Качаков.

 Оның сөзінше, 2021 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша басқарудың жаңа нысандарына 29 775 көппәтерлі тұрғын үй немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің 64 пайызы көшіп үлгерген.

Заңға сәйкес, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иелері кооперативтерінің қарапайым тілде айтқанда, КСК –да басқару органы ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін өтпелі нормалар қолданылады. Осы күннен кейін пәтер иелерінің кооперативтері тарату рәсімімен өтуі қажет. Бұл ретте коорпаративтер мамандары мен қызметкерлердің жұмыс істеп тұрған құрамының негізінде қазірдің өзінде сервистік және басқарушы компаниялар құра алады, -деді ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Качаков.
 baq.kz 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30