Мәселе

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер: 25 қылмыстық іс қозғалды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларға қатысты қылмыстық істер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктер, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, мүлікті бүлдіру, сондай-ақ қару жасау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды", - деді Сортөбе ауылында өткен брифингте.

 

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды, олар қазір осы іспен айналысып жатыр.

 

"Ең басты міндет - ұйымдастырушыларды, бастаушыларды, арандатушыларды және кінәлілерді табу. Жұмыс нәтижесі бойынша біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. БАҚ-та қаза болған адамдарға қатысты әртүрлі ақпарат бар. Бүгінде 10 адам қаза тапты. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ақпаратты кез келген уақытта сізге беретін боламыз. Ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алу керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

 




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 17:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31