Мәселе

Қордай тұрғындары аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің үстінен шағымданды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қордай ауданында болған жаппай төбелеске байланысты өңірдегі полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8-20 ақпан аралығында 57 азаматтың жоғалған, өрт шалған, үйіндінің астында қалған жеке куәліктерін қалпына келтіріп берген.

 

Бұл деректер Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдауында мәлім болды. Жақында ғана қызметіне кіріскен полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аймақта болған соңғы оқиғаға орай тұрғындардың қандай сауалдары мен мәселелері бар екенін анықтау үшін осындай шара ұйымдастырған.

 

Департамент басшысының қабылдауына алғашқы болып келген Қордай ауданының тұрғыны Александра Иванова қазіргі кезде жүргізіліп жатқан қылмыстық істердің тергеу барысы мен мән-жайын білгісі келетінін айтты. Ведомство жетекшісі бұл шаруаны жеке өзі бақылауына алғанын, қылмыстық істердің нәтижесі алдағы уақытта жария болатынын жеткізді.

 

 

Сондай-ақ, алаяқтардың арбауына түсіп қалған ауданның үш азаматы жер теліміне қатысты проблемаларымен келген.

 

 

Жаппай қақтығыстың ошағы болған Масанчи ауылында орын тепкен дәріхананың қожайыны Арайлым Альменова 7 ақпан күнгі төбелес кезінде отбасын асырап отырған дәріхана ғимараты өртке оранып, жеке басын куәландыратын барлық құжаттарынан да айырылып қалғанына шағымданып, жәрдем сұрады.

 

 

Біз департамент құзыретінде және заң аясында тиісті көмек көрсететін боламыз. 20 ақпанға дейін алпысқа тарта осындай құжаттарды рәсімдедік. Әлі де бұл көмекке зәру азаматтарға тиісінше қол ұшын созамыз, – деді Жанат Сүлейменов.
Құзырлы органдарға қызметке орналасу бойынша сұрақ қойған бірнеше қордайлық азаматқа департамент басшысы бұл шаруаның жолдарын айтып, ең алдымен өтініш жазып, қажетті құжаттарды жинау қажеттігін түсіндірді.

 

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың арасында ауданның полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты шағымданғандары болды. Бұл мәселеге орай Жанат Сүлейменов жеке тексеріс шараларын міндетті түрде жүзеге асыратынын мәлімдеді.

 

Полиция генерал-майоры қабылдау барысында түскен әрбір арыз-шағымға мұқият назар салып, бірқатар сауалдар бойынша Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысына, өзге де жауапты мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, азаматтарға керекті құқықтық кеңестер айтылып, барлық өтініш-тілектер басшылық тарапынан қатаң бақылауға алынатын болды. 

 

Вaq.kz




Көрілген: 1158    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31