Мәселе

Қордай тұрғындары Сапарбаевтан ұсталғандардың тағдыры туралы сұрады

  • © Photo : Предоставлено пресс-службой премьер-министра Республики Казахстан

    © Photo : Предоставлено пресс-службой премьер-министра Республики Казахстан

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу барысында заңға қайшы әрекет жасамаған азаматтар босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

 

Сапарбаев Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

Жиын барысында жергілікті тұрғындар ұсталған азаматтардың тағдыры туралы сұрады.

 

"Заңға қайшы әрекет жасамағандар босатылады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайды", - деді вице-премьер.
Сортөбеліктер ауылдастарын сабырға және тәртіпті сақтауға шақырды.

 

"Қазақстан заңдары бар, құқық қорғау органдары бар – мұны басты назарға алу керек. Болған оқиғаға объективті сараптама жасап, не болғанын, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы – қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау", - деді ауыл тұрғындарының бірі.

 

 

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастырып жатыр.

 

Кездесуге, сонымен қатар, сенат вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.

 

Ауыл тұрғындарымен кездесуде үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.

 

sputnik




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30