Мәселе

Қордайдағы жантүршігерлік апат: Тоқаев үкіметке тапсырма берді

  • © Официальный сайт Президента РК /

    © Официальный сайт Президента РК /

Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 километрінде болды. Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.


На Кордайской трассе- крупное ДТП, 11 чел, гр-не Узбекистана, погибли, много раненных. Мои соболезнования их родственникам. Отправил телеграмму Президенту РУ. Обстановка на наших дорогах тревожная, о чем я говорил на совещании в МВД. Поручил правительству принять неотложные меры!


— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 20 апреля 2019 г.


"Қордай трассасында ірі жол-көлік апаты болды. 11 адам көз жұмды. Жарақат алғандар көп. Өзбекстан азаматтары. Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне телеграмма жолдадым. Біздің жолдарымыздағы жағдай қауіпті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің отырысында айтқан болатынмын. Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырамын", - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.


Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.


Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.


Sputnik


 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31