Мәселе

Қордайдағы қақтығыс: ішкі істер министрлігі тың дерек жариялады

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазқстан тілшісі.

 

Бұған дейін Қордайдағы қақтығыстан кейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

 

"Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын", - деді Әділов.

 

Ол қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басқаруымен жүргізілуде.

 

Қордайдағы қақтығыс

 

Естеріңізге сала кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.

 

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды.

 

Қордайдағы жағдайдан кейін бірнеше шенеунік пен полицей қызметінен кетті, өңір басшысы ауысты. Жамбыл облысының әкімі болып вице-премьерлік қызметті атқарған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30