Мәселе

Кореяда 25 қазақстандық сотталған

  • Фото @Yonhap

    Фото @Yonhap

Жетінші шақырылымдағы мәжіліс "Қазақстан мен Корея Республикасы арасында сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, шарттың негізгі мақсаты &ndash сотталған адамдарды өзара алмасу, оларды беру жолдарын реттеу.

 

Сотталғандар мынадай жағдайда беріледі:

 

* егер соттталған адам Қазақстан не Корея азаматы болып танылса;

 

* сот үкімі заңды күшіне енген болса;

 

* беру туралы сұрау салу алынған кезде кемінде бір жыл өтейтін мерзімі қалса;

 

* жасаған әрекеті екі жақта да қылмыс болып танылса;сотталған адам өзін беруге ниет білдірсе;

 

* екі мемлекет өзара беруге келіссе.

 

"Осы талаптар сақталмаса, сотталған адамдар берілмейді. Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкімі бойынша өз жазасын өтейді. Егер Қазақстан мен Кореяның заңдары сәйкес болмаса, үйлеспесе, онда сот үкімі біздің заңда көзделген жазаға сай келтіріледі. Алайда жазаның сипаты мен ұзақтығы Корея соты тағайындаған жазадан қатал болмауы тиіс", - деді Ахметжанов мәжілістің жалпы отырысында.

 

Оның айтуынша, қазір Кореяда 25 қазақстандық, ал Қазақстанда Кореяның бір азаматы жазасын өтеп жатыр.

 

"Ұсынылып отырған келісім ратификацияланған жағдайда бұл азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Олар елге келіп, әлеуметтік ортасында жазасын өтейді, қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді", - деді бас прокурордың орынбасары.

 

Ол Қазақстанның халықаралық шарттар туралы заңына сәйкес аталған шарт ратификациялауға жататынын атап өтті. Себебі құжат адам құқықтарына тікелей қатысты.

 

Шартты қабылдау бюджеттен қосымша қаражат талап етпейді және экономикалық-әлеуметтік, өзге де кері әсері жоқ.

 

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

 

Сондай-ақ, Ахметжановтың айтуынша, тағы 26 қазақстандық Оңтүстік Кореяда қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Оларға қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

 

 




Көрілген: 1534    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31