Мәселе

Кореяда қаза тапқан жігіттің қарындасы Тоқаевтан көмек сұрады

  • Кореяда қаза тапқан жігіттің қарындасы Тоқаевтан көмек сұрады

    Кореяда қаза тапқан жігіттің қарындасы Тоқаевтан көмек сұрады

Марқұмның туыстары қапыда көз жұмған жігіттің денесін елге жеткізе алмай отыр. 

2 қараша күні таңғы сағат 07:00-де Оңтүстік Кореяның Кёнсандо қаласында Қазақстан азаматы Арын Бейбарыс жол апатынан қаза тапты. Марқұм &ndash Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны. Ол Кореяға нәпақа табу үшін жұмыс істеуге келген. Енді марқұмның туыстары қапыда көз жұмған жігіттің денесін елге жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz сайты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің аты-жөнім Ақнұр Арын, Арыс қаласы тұрғынымын. Ағамның денесін елімізге жеткізу қиын болғандықтан, Сізден көмек сұрауға мәжбүрмін. Оның денесін 17 қараша күнгі жүк тасымалдаушы ұшақпен әкелмекші. Айтыңызшы, қай қазақ қайтқан адамды 15 күн ұстайды?! Жан дегендегі жалғыз ағам еді, анам екінші дәрежелі мүгедек. 2017 жылы жүрегіне ота жасатты. Анамның жағдайы қиын болып отыр. Әкемнің қайтқанына 9 жыл болды. Отбасымда менен кейін соңымнан ерген інім мен сіңлім бар. Олар әлі кішкентай, мектепте оқиды. Анама әлі естірткен жоқпыз, оның жағдайы өте қиын. Енді мен анамнан да айырылып қалғым келмейді. 10 қараша күні Инчхон қаласынан Алматыға шығатын жүк тасымалдайтын ұшақ бар. Сол ұшақпен ағамның денесін жеткізуге көмек берсеңіз деп өтінемін», - дейді марқұмның қарындасы.

Ақнұрдың айтуынша, ұлының қазасы туралы қаралы хабарды анасына әлі естіртпеген. 




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31