Мәселе

Қорғаныс министрі әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру тәртібін түсіндірді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, әскери жиындардың негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын қорғау. Президенттің жарлығына сәйкес, әкімдер әскери қызметке міндетті адамдарды арнайы жиындарға шақыра алады. Жергілікті билік адам санын өзі анықтайды.


"Заң бойынша әскери жиындар үш айға дейін созылады. Алайда нақты мерзімін жергілікті атқарушы органдардың өздері белгілейді. Олар өз бұйрығымен әскери жиындарды ұйымдастырып, барлық шаралардың атқарылуына қарай уақытынан бұрын аяқтай алады. Мәселен, кейбір облыс әкімдері әскери жиындарды 10 күн өткізе алады, басқалары одан да көп уақыт өткізуі мүмкін. Ал кейбір аймақтарда әскери міндеттілерді мүлдем шақырмауы да мүмкін", - деді Ермекбаев.

 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде әскери бөлімдер орналасқан аймақтарда қажетті адам саны коронавирусқа қарсы шараларға тартылды. Ал әскери қызметкерлердің бір бөлігі басқа аймақтарға ауыстырылды.

 

"Арнайы жиындар кезінде әскери міндеттілер әскери қызметкердің мәртебесіне ие болады. Демек, заң бойынша оларға барлық әлеуметтік жеңілдік таралады. Соның ішінде тамақ, киім-кешек пен медициналық қызмет бар. Бұдан бөлек, жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады", - деп атап көрсетті Ермекбаев.

 

Осы орайда министр арнайы жиындар мен мобилизацияны шатастырмау қажеттігін жеткізді. Мобилизация кезінде барлығы әскери режимге көшеді. Ал арнайы жиындар жыл сайын өткізіледі және оның шектеулі мерзімі бар.

 

 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31