Мәселе

Қорғаныс министрлігі атышулы видеоға қатысты пікір білдірді

  • Исатай Әлібаев. Видеодан үзінді

    Исатай Әлібаев. Видеодан үзінді

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы жарылыс кезінде әскери қызметшінің түсірген видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әскери қызметтің өзіндік ерекшелігі бар және мұнда күрделі психологиялық эмоционалдық жүктемелер өзара қарым-қатынаста қиындықтар туындайтынымен ерекшеленеді деп айтқан жөн болар. Бізде әріптестің, әсіресе командирлердің әрекеті туралы талқылау болмайды", - деді Дандыбаев.


Министрдің орынбасары роликтегі кейіпкердің әрекетіне баға бере алмайтынын айтты.


"Осы әскери қызметші өзінің қызметтестері туралы теріс пікір білдірген кезде, олар өз кезегінде ТЖ салдарын жою бойынша өз міндеттерін лайықты орындағанын айтқым келеді. Осыдан өздеріңіз баға берулеріңізге болады. Мен оның батыр не қорқақ екенін білмеймін. Мен оған баға бере алмаймын, өмір көрсетеді", - деді Дандыбаев.


Айта кетейік, 27 жастағы лейтенант Исатай Әлібаев Арыста жойқын апат болған кезде оқиға орнынан бірнеше видео түсірген. Алматылық үйленген, төрт ай бұрын әке атанған - қызды болған. Әскерге ол 2011 жылы шақыртылып, содан бері лейтенант шеніне дейін қызмет еткен. Әлібаев бірнеше метр жерде снаряд түсіп, жарылып жатқанда өлемін деп ойлаған. Соңғы әрі жалғыз тілегі ата-анасын жақсы көретінін айтып, өсиет қалдыру болыпты.


Сондай-ақ, түсіру барысында ол сыни ескертулер айтып, кейбіреулердің "қашып кеткені" және олардың "бетпердесі шешілгенін" атап өтті.


 




Көрілген: 1545    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 17:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30