Қорғаныс министрлігі: Суицид жасаған сарбаздың өліміне қатысымыз жоқ

24 қаңтар 2023, 15:47

"2022 жылғы тамызда "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді қызметін өткерген ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалына бұл жағдайдың ҚР Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.

 

Осы орайда министрлік мамандары әскерге шақырылған ел азаматтары Қарулы күштердің бөлімшелерінде ғана емес, ұлттық ұланның (ІІМ), шекара қызметі (ҰҚК), төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметінде борышын өтейтінін де еске салды.

 

Айта кетері, қыркүйек айында сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бөлім командирі қамауға алынды. Ал оның адвокаты Сержан Пірәлиев сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес марқұмның денесінде екі немесе одан да көп адамның ДНҚ-сы табылғанын, бірақ өзі қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы болмағанын мәлімдеді.

 

Ішкі істер министрлігі адвокатты қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін айыптады. Енді әділет министрлігі қызметтік тергеу жүргізеді.

 

 

 

Abai.kz