Мәселе

Қорқынышты өсім: Әлемде қауіпті індетпен күрескен қанша дәрігер көз жұмды

  • Қорқынышты өсім: Әлемде қауіпті індетпен күрескен қанша дәрігер көз жұмды

    Қорқынышты өсім: Әлемде қауіпті індетпен күрескен қанша дәрігер көз жұмды

 Халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымының хабарлауынша, әлемде кемінде жеті мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Ұйым алдыңғы шепте індетпен күресіп жүрген адамдарда қорғаныш құралдары жеткілікті болуы қажет деп санайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Денсаулық сақтау саласындағы кез келген қызметкердің қауіпсіз ортада жұмыс істеуіне құқығы бар. Пандемия басталған уақыттан бері қаншама ай өтсе де, Мексика, Бразилия, АҚШ сияқты елдерде медицина қызметкерлері әлі күнге дейін адам қорқатын темппен өліп жатыр. Ал Оңтүстік Африка мен Үндістанда инфекцияның жылдам тарауы мемлекеттерге қажетті шара қолдану керек екенін көрсетіп отыр", - дейді ұйымның экономикалық және әлеуметтік әділет жөніндегі басшысы Стив Кокберн. Мексикада індет кезінде 1320 медицина қызметкері қаза болған. 610 мыңнан астам адамға вирус жұққан және коронавирустан 66 мың адам қайтыс болған. Әлемде 97 632 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан.

Amnesty International ұйымының мәліметінше, коронавирустан көбірек зардап шеккен елдердегі дәрігерлер өлімі көрсеткіші төмендегідей:

АҚШ — 1 077 медицина қызметкері; Ұлыбритания — 649; Бразилия — 634; Ресей — 631; Үндістан — 573; Оңтүстік Африка — 240; Иран — 164. Amnesty International коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны қатты азайтылып көрсетіледі деп санайды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тәуелсіз комиссия Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясымен күресте қолға алған шараларының қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін ұйымның ішкі құжаттарын тексеріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

KAZ.NUR.KZ 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 18:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31