Мәселе

Коронавирус – сифилис емес: ауру жұқтырғандардың аты-жөндерін жасырмаған жөн

  • фото: youtube.com

    фото: youtube.com

Журналист Абай Балажан facebook парақшасына коронавируспен сіз боп, біз боп шындап күрескіміз келсе, онымен ауырған адамның аты-жөндерін жасырмай жариялау керек деген пікірін жазды, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

«Егер коронавируспен күрескіміз келіп жатқаны рас болса, онда бұл дертті жұқтырғандардың аты-жөндері ашық жазылсын! Халық бір дем әрі, бір дем бері жағдайда отырғанда, қандай этика жайлы айтып отырмыз?!

 

Науқас жұқтырған адамдардың аты-жөндерін айту не үшін керек? Ауру жұқтырған адам кіммен контактіге түскенін 100 пайыз айтпауы мүмкін. Әдейі емес, әрине. Бәрі бірдей есінде қалмауы мүмкін. Ал аты-жөні жария болса, онымен контактіге түскен адам өзі-ақ дәрігерге жүгіріп бармай ма?! Өзі үшін, жақындары үшін.

 

Ал оның аты-жөні жарияланбаса, онымен жолығысқан, сөйлескен, амандасқан, шәй ішкен адамдар қайдан біледі? Олар да бейғам жүре береді ғой», - деп қапаланып отыр әріптесіміз.

 

Шынында да сырқаттанған адамның кімдермен араласып-құраласқанын білу – дәл қазіргі ел жағдайында аса маңызды. Коронавирус сифилис емес қой, кімдермен қарым-қатынаста болғаныңды жасырып, өзіңше «этика сақтап» жүретіндей. Ал, Абай Балажан айтпақшы, ауру жұқтырған адамның кімдермен контактіге түскені 100 пайыз есінде қалмаса, сол науқастың өзінің аты-жөнін билік неге бүгіп қалуы тиіс?

 

«Шетелдіктер коронавирус жұқтырған министрлерінің, президенттерінің аты-жөндерін айқайлап айтып отыр, біз «этика сақтап отырмыз». Бұлай болмайды, меніңше...», - дейді жазба авторы.

 

Иә, коронавирус та «аты жаман ауру». Бірақ, «СПИД», «сифилис» дегендей, онымен ауырғандардың аты-жөнін елдің білуінен ұялатын емес, дүйім жұртты кең таралуынан сақтандыруға болатын сырқат.

 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31