Мәселе

Коронавирус: Біртанов Бекшиннің болжамына түсініктеме берді

  • Коронавирус: Біртанов Бекшиннің болжамына түсініктеме берді

    Коронавирус: Біртанов Бекшиннің болжамына түсініктеме берді

 ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырғандардың жоқ екендігін айтты.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қытайдан бастау алған коронавирус инфекциясы 115 елге таралып, кең белең алып отыр. Олардың ішінде біздің көрші, шекаралас елдер де бар. Біз олармен тікелей әуе қатынастарын орнатқанбыз. Әлемнен түгелдей оқшаулану мүмкін емес екендігін барлығымыз білеміз, түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз. Бірақ Үкімет коронавирус инфекциясының елімізге кіріп, таралып кетпеуі үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмады, - деді Біртанов.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің елімізде 1-2 күнде коронавирус инфекциясының анықталып қалады деген бүгінгі болжамы, тек біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу әдісінің болжамы ғана екендігін айтты.

Олар еліміздегі жолаушылар ағымы мен әлем бойынша таралып жатқан инфекцияның таралуын бастапқы дерек ретінде алып, болжам жасап отыр. Ескеретін жайт, сыртқы факторлардың әсерінен деректер үнемі өзгеріп отырады. Ланцет журналында осыған ұқсас болжам жасалған. Яғни инфекцияның Қытайдан өзге мегаполистерге таралуын болжаған. Біздің ғалымдардың болжамы жүзеге аспауы да мүмкін. Тағы да ескертіп айтамын, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бүгінгі күнге дейін тіркелмеді, - деді еліміздің бас дәрігері.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін деген болжам айтқан болатын.

BAQ.KZ




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 21:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31