Мәселе

Коронавирус жыныстық жолмен жұға ма: Белгілі дәрігер жауап берді

  • Коронавирус жыныстық жолмен жұға ма: Белгілі дәрігер жауап берді

    Коронавирус жыныстық жолмен жұға ма: Белгілі дәрігер жауап берді

Украиналық танымал дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жайлы көрермендерді толғандырған 25 сұраққа жауап берді. Маманның сөзінше, вирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына еш дәлел жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

комаровский

Евгений Комаровский. "Доктор Комаровский" Youtube арнасынан кадр

Комаровскийдің сөзінше, коронавирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына ешқандай дәлел жоқ. Алайда індеттің көздің шырышты қабаты, дененің жоғарғы бөлігі арқылы (сүйісу, тыныс алу) тез жұғатынын ескерген жөн.

Одан бөлек, сарапшы статистикаға сүйене отырып, шылым шегетіндердің темекі тартпайтындарға қарағанда инфекцияны тез жұқтыратынын айтты.

Сондай-ақ, маман халық арасында кеңінен танылған оксолин жақпа майы, көк лампалар сынды қорғану құралдарының коронавируспен күресуге дәрменсіз екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты анықтауға арналған тесттердің бағасы қанша екенін жариялады. Ұйымның ақпаратынша, бір тесттің құны 30-60 доллар, яғни 13-26 мың теңге аралығында.

 
 

Соңғы деректерге сәйкес, ел аумағында COVID-19 вирусы 36 адамнан анықталып отыр. Олардың 18-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

 

 




Көрілген: 2227    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31