Мәселе

"Коронавирус наурызда кетеді": Қазақстандық экстрасенс жаңа жылға болжам жасады

  • "Коронавирус наурызда кетеді": Қазақстандық экстрасенс жаңа жылға болжам жасады

Қазақстандық экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

 
Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты болжады.

"Ол осы наурызда кетеді, коронавирус. Бірақ та коронавирустың тағы бір формасы келейін деп тұр. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір формасы келеді. 2023 жылға дейін 3 формасымен ауырады адамдар", - деді экстрасенс Қажет Ахметжанова.

Экстрасенс Алматы қаласының атқамінерлеріне үндеу жасады. Өйткені 2021 жылы судан қауіп бар екен.  

"Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін алдын алу қажет", - деді Қажет Ахметжанова.

Бұдан басқа, оның айтуынша, 2021 жыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болатын жыл екен. Ерекше дарынды балалар өмірге келеді деп отыр. 

"Сиыр" жылы - елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болады. Бұл - нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы.

Сандардың сырын ашқан нумеролог алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді. Дегенмен 2020-шы жылдағыдай қиындықтар болмайды-мыс. Жыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ.

"Осы жыл ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып бір кәсіпті игеріп алдыға шағын бизнес ашады ма? Жалпы, өзін дамытып, бағалап, өсетін жыл", - деді нумеролог Құралай Бақытқызы.

Құралай Бақытқызы сиыр жылы да - металл болғандықтан, алдағы 6 ай қиындық тудыруы ықтимал екенін айтты. Сондықтан, адамдарға жолға шыққанда сақ болуға кеңес береді.




Көрілген: 1597    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31