Мәселе

Коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам халықтан кешірім сұрады (видео)

  • Коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам халықтан кешірім сұрады (видео)

    Коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам халықтан кешірім сұрады (видео)

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде шу шығарған бейнежазбаның кейіпкерін қолға түсірді. Ер адам коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсағандай болып, жалған видео түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Мониторинг жүргізу барысында интернет кеңістігінен видео анықталды. Полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері видеоның авторын анықтап, қолға түсірді деп жазды Polisia.kz.

Нәтижесінде Алматы тұрғыны ұсталып, одан жауап алынды.

Ер адам қойылымдық түсірілімді көңіл көтеру мақсатында түсіргенін және оны тек жақын достарына жібергенін айтты.

Өз кезегінде ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдады. Тәртіп сақшылары онымен құқықтық түсіндіру әңгімелерін жүргізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының құқық қорғау орган қызметкерлері жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстағанын хабарлағанбыз.

Келес аудандық полиция бөліміне Whatsapp мессенджері арқылы тараған жалған ақпарат жайлы хабарлама келіп түскен.

 
 

Хабарламада Келес ауданында коронавирус жұқтырған тұрғын бары айтылған.

Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, жалған хабар таратқан адамды жауапқа тартуын сұраған.

Полицейлер бұл жайтты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

 

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31