Мәселе

Коронавируспен ауырғандар шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін

  • Коронавируспен ауырғандар шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін

    Коронавируспен ауырғандар шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін

Коронавируспен ауырған қазақстандықтар шипажайларға сауықтыру көмегін алуы мүмкін. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Пандемия кезінде көптеген азаматтарға өз қаражатына емделуге тура келді. Біз мұны түсінеміз. Осыны ескере отырып, қор коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарды сауықтыру туралы шешім қабылдады. Бізде Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен медициналық ұйымдар бар. Пандемия кезеңінде сауықтыру медициналық көмегі екі есеге қысқарды. Осыған байланысты, тамыз айынан бастап біздің қор коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыруды бастайды", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау басқармаларының құрамында өз шипажайлары, оңалту орталықтары және санаторийлік-курорттық ұйымдары бар. Бізге санаторийлік-курорттық ұйымдардың қауымдастығы жүгінді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, сауықтыру көмегінің алгоритмі әзірленіп жатыр", - деді Төкежанов.

Қор халық арасында бұл қызметтерге деген қажеттіліктің жоғары екенін анықтаған.

"1406 байланыс орталығына осы жөнінде көптеген сұрақтар келіп түседі. Сондықтан, біздің қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сырқаттан кейін науқастарды бақылау алгоритмдерін әзірлеуде. Біз емхана деңгейінен бастап оңалту орталықтары мен санаторийлік-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырып жатрымыз", - деп атап өтті қор басшысы.
 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30