Мәселе

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қанша үстемақы төленеді

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгін Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, арнайы шешім қабылданды.

 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев айтты.

 

Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

 

Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 3284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады.

 

Екінші топ – провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 600 мың теңге алады.

 

Үшінші топ – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел-жәрдем жүргізушілері және т.б. Барлығы 10 993 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 380 мың теңге алады.

 

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда, 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі.

 

coronavirus2020.kz

 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31