Мәселе

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігердің күйеуінен көрген қорлығы

  • Көрнекі фото: ru.freepik.com

    Көрнекі фото: ru.freepik.com

Отандық журналист Айнаш Есәлі коронавируспен күресіп жүрген дәрігер туысының күйеуінен көріп жүрген қорлығы жайлы баяндады. 

 

Әй, маңдайынан соры бір арылмаған қазақ қызы, қазақтың әйелі, қазақ дәрігерлері...

 

Осыдан біраз жыл бұрын желтоқсанның қысында туысқанымыздың бір қызын оңтүстіктен жаздық тәпішкемен Алматыға алып келгенмін.

 

Арманы дәрігер болу екен. Табандылықпен дайындалып, екі жаз ұмтылып жүріп, қалаған мединститутына түскен. Қыңқ демеді. Алматының шетінен сабаққа баратын ақша таппай, жаяу барған кезі де болды. Қарны ашқанда құрт сорып қана жүретін күндері болды. Сезем ғой. Бізге айта бермейді. 90-шы жыддары өзіміз де жетісіп жүрмеген едік. Сабақтан қалмай, 7 жыл оқыды.

 

Тура дипломын алатын күні әкесі ауылдан келіп, әдемі көйлегін әперіп, шашын сәндеп жібергенбіз.

 

Дастарханды жайып, етімізді асып күтіп отырмыз. Қыз да жоқ, диплом да жоқ. Бір артық жүрісі жоқ дайын дәрігер кешікті, курстастарымен қуанып, тойлатып жүрген шығар деп сабырға бастық. Бірақ, ұйқы жайына қалды.

 

Сонымен ертеңіне хабаршылар жетті.

 

Дипломы дайын қызды тапа-тал түсте, Алматының қақ ортасынан осы жақтың бір жігіт алып қашыпты.

 

Жасы баяғыда 25-тен асып кеткен қыздың күйеулі болғанына әкесі мәз болып батасын бірден бере салған соң, реніш, ашуды ішімізге бүгіп отырып қалдық.

 

Содан бері ырың-жырың тіршіліктері бір бөлек, күйеуіне 3 ұл туып бергені бір бөлек болып, өмір жалғасып жатқанда, осы індет басталды.

 

Мамандығы осы коронавирусқа тікелей қатысты болған соң, Алматыда ашылған алғашқы провизорлық орталықта дәрігер болып қалды.

 

"Кейбір дәрігерлер бұл жұмыстан бас тартты. Безсодержание алып кетіп қалды. "Мен не істеймін деп ем, ол үндемеді. Кредитті қалай төлейміз?", деп бақ ете қалған соң жұмыста қалдым", деді сіңлім жыламсырап.

 

Бауыр деген қиын бәрібір. Жүрегім шымырлап: "Өзіңді сақта, Бұл бәлені жұқтырып алма" дегеннен асып, еш ақыл айта алмадым. Көзімнен жас бырт ете қалды.

 

-Ойласпадың ба? - дедім бар болғаны.

 

Бұлар індет жұқтырғандармен тікелей байланыста болғандықтан, өздері де оқшауланып жұмыс істеп келеді.

 

Тіпті, 22 наурыз мерекесінен кейін 9 мамырдағы мейрамға дейін, одан кейін де үйлеріне жете алмай жүрді. Квимен жұмыс істейтін дәрігерлер жұмыстан кейін студенттерден босаған жатақхана, бұрынғы туберкулез санаториі, қонақүйлерде қонып жүрген.

 

Ал күйеу бала кеш болса, ішіп алып: "Қайда қонып жүрсің, кіммен жатырсың?

 

Телефонды қасыңдағы адамға бер!", деп әлек салатынын да естиміз. Мәдениетті түрде айтқанда..

 

Үкімет сендерге беріп жатқан миллион қайда деп зіркілдейтіні бір бөлек.

 

Жақын күндері сол дәрігер сіңлім еңіріп жазып жіберіпті. Жұмыстан жүйкесі тозған, кредит шаршатқан, балаларына дұрыс қарай алмайтындықтан, әбден торыққан.

 

Дәл осылай күйініп тұрғанда біреу қолына уксус па, әлде асылып өлетін арқан ұстатса, өле кетуге дайын ащынған дауыс...

 

Ал әкесі де арақтан өлген күйеу баланың арақтан аузы босамайды. Сылқия тойып алғаннан бастап бауырымызды жеті атасына бастап сыбап, алмаған ақшасын санап, арағын қояды деген үмітпен әйелі кредитке әперген машинаны әр жерге соғып, жүзінші соткасын жоғалтып жүргені.

 

Карантин кезінде індетпен тікелей байланыста жүмыс істейтін кейбір дәрігер әйелдерді күйеулері үйіне кіргізбей, далада, көлікте қонып жүргенін әкімдікке тікелей сұрақ етіп қойғанбыз.

 

Ләм-мим демеген.

 

Бүгін осының бәрі Алматының жұқпалы ауруханаларының бірінде мейірбике болып істейтін кластасымның жүнжіп, қажып кеткен түрін көріп, қопарылып түсті.

 

Айнаш Есәлі

facebook.com




Көрілген: 1082    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30