Мәселе

«Коронавируспен өмір сүруге тура келеді» - Жандарбек Бекшин

  • «Коронавируспен өмір сүруге тура келеді» - Жандарбек Бекшин

    «Коронавируспен өмір сүруге тура келеді» - Жандарбек Бекшин

Осылай ғана біз аурудың күрт өсуіне жол бермей, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете аламыз.
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді деп жазады Нұр.кз сайты.

Бекшиннің сөзінше, оңтүстік астанада 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру деңгейі 5,3 пайзды құрап, жұқтыру деңгейі екі есеге азайған.

"Қазіргі уақытта кереуеттердің 83% бос, бұл жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді. Бірнеше жеңілдету шаралары қабылданған, бірнеше нысандардың, атап айтқанда кітапхана, мұражай, мешіт, шіркеу және тағы басқаларының бекітілген талаптарды сақтап, ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуіне, ұлттық парктер мен Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан туристік бағыттарына баруға рұқсат етілді", - дейді Бекшин.

Санитарлық дәрігердің сөзінше, демалыс күндері сауда орталықтары, сұлулық салондары, фитнес орталықтар және тағы басқалардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. ХҚКО жұмыстары кешкі 8-ге дейін ұзартылды.

"Бірлесе күш салып, маска режимі мен ара қашықтықты сақтасақ, дұрыс болжам жасай аламыз... ДДСҰ мәлімдеуінше және біздің байқауымызша, коронавируспен өмір сүруге тура келетінін көріп отырмыз. Бізге режим мен эпидемиологияға қарсы шараларды сақтау қажет. Осылай ғана біз аурудың күрт өсуіне жол бермей, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете аламыз", - дейді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елімізде тағы 88 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Осылайша жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 106 032-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 12-ге артты.  




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 18:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31