Мәселе

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің Алматы мен Шуда қашан болғаны анықталды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Коронавирустан қайтыс болған Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны Алматы мен Шу қалаларында нақты қай күндері болғаны белгілі болды. Бұл турады онлайн-брифинг барысында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Басқарма басшысы оның туған-туыстарына көңіл айтты.

 

"Туысқандарының айтуы бойынша, әйел коронавируспен ауыратын адаммен байланыспаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған", - деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

 

Telegram-дағы Yedilov Online арнасында арнайы қорғаныш киімін киген көз жұман адамның туыстарының әңгімесі түсірілген видео жарияланды. Олар әйел қайтыс болғанға дейін дәрігерлер коронавирусты анықтай алмағанын айтады. Індеттің бар екені мәйітханадан денесін алып шыққаннан кейін ғана жарияланған.

 

ВИДЕО:  aitube.kz/video

 

Еске салайық, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл - коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.

Кейін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев әйелдің Алматы мен Шуға барғанын хабарлаған.

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31