Мәселе

Коронавирустан көз жұмғандар саны белгісіз: Неге министрлік пен аймақтар ұсынған статистика бір-бірімен сәйкес келмейді

  • Коронавирустан көз жұмғандар саны белгісіз: Неге министрлік пен аймақтар ұсынған статистика бір-бірімен сәйкес келмейді

    Коронавирустан көз жұмғандар саны белгісіз: Неге министрлік пен аймақтар ұсынған статистика бір-бірімен сәйкес келмейді

Министрлік пен аймақтардағы коронавирустан көз жұмғандар саны туралы ақпарат бір-бірімен сәйкес келмейді. Бұл туралы вице-министр түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бюрабекова мәліметтер уақытында министрлікке жетіп үлгермей жатыр дейді. Соған орай ақпараттар бір-бірімен сәйкес келмей қалуы мүмкін, алайда біз барынша тың деректерді уақытылы беруге тырысудамыз дейді ол.

"Расында да мұндай жағдай болды, себебі біз өлім жағдайлары талдау жөніндегі комиссияның өңірлік деңгейінен өткеннен кейін ғана жариялаймыз. Комиссия осындай хаттаманы ұсынғаннан кейін ғана біз осы өлім жағдайы тіркелгені туралы хабарлаймыз. Сондықтан өңірдегі деректер министрлікке қарағанда сәл жаңалау болуы мүмкін, өйткені біз ресми түрде өлім жағдайларын талдау нәтижелері келіп түскенін күтеміз", - деп түсіндірді Людмила Бюрабекова.

Оған қоса, денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты.

"Шынында да, марқұмды жерлеу ережелері өзгертілді. Қазір басқа жағдайда жерлеуге мүмкіндік бар. Бұл жерлеу кезінде қатысушылар санын ескере отырып, санитарлық талаптар сақталған жағдайда ғана жүзеге асады", - деді Бюрабекова. 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31