Мәселе

Коронавирусты зерттеумен айналысатын орталық Қазақстанда көз жұмған үш адам туралы жариялады: Министрліктің түсініктемесі

  • Коронавирусты зерттеумен айналысатын орталық Қазақстанда көз жұмған үш адам туралы жариялады: Министрліктің түсініктемесі

    Коронавирусты зерттеумен айналысатын орталық Қазақстанда көз жұмған үш адам туралы жариялады: Министрліктің түсініктемесі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип Джонс Хопкис институтының сайтында жарияланған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ресми түрде жоққа шығарамыз. Бізде коронавирустан өлім тіркелген жоқ. Бұрын айтқанымыздай Қазақстанда 49 адам ауруға шалдыққан. Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам. Барлығының жағдайы тұрақты", - деді Диас Ахметшәріп.

Атап кетерлік жайт, Джонс Хопкинс институтының сарапшылары Қазақстанда коронавирустан үш өлім жағдайы тіркелді деген ақпарат жариялапты.

Бұған қоса ол бүгін тіркелген науқастар жайлы қысқаша мағлұмат келтіріп кетті.

"Елімізде коронавирусты жұқтырудың тағы бес жаңа оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Қарағанды қаласында - 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын», - деді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, қалған үш адам Алматыда тіркелді. Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы бес адамға артып, 49 науқасқа жеткені хабарланды.

 




Көрілген: 2084    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30