Мәселе

Коронавирустың екінші толқынына елдегі дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме

  • Коронавирустың екінші толқынына елдегі дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме

    Коронавирустың екінші толқынына елдегі дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме

Әлемді алаңдатқан қауіпті індеттің екінші толқыны келеді деп болжануда. Осы орайда бүгінде елімізде қауіпсіздік шараларын күшейту, карантин талаптарын қатаңдату ісі қолға алына бастады. Сондай-ақ індетке қарсы дәрі-дәрмек де қоры жиналып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын дәрі-дәрмекті жеткізу әуехабы арқылы 2 аптаға дейін уақыт алатын, бүгінде жеткізу қызметі жеделдетілді. Қазір кез келген қоймаға 1 күннің ішінде жеткізу мүмкіндігі бар. Елордадағы қоймада 4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бар, оның ішінде 400 млн теңгенің препараты ол коронавирус дертіне арналған. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдар 110% қамтамасыз етіліп отыр. Бізге медициналық ұйымдарды 1 айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз ету тапсырылды. Сол үшін де күн сайын дәрі-дәрмек қоры жаңартылып отырады», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев аталған ұйымда өткен рейд барысында. Оның айтуынша, бүгінде сатып алынған дәрі-дәрмектің 60% елдегі 4 хабқа таратылды. «Біз дәрі-дәрмектерді барлық өңірлерге бірден таратып жібере алмаймыз. Себебі өңірлердегі қоймалардың аумағы 300 шаршы метрді құрайды, бұл дегеніміз бар жоғы 2 жүк көлік дәрі-дәрмек. Ал кейбір өңірлерде дәрі-дәрмекті сақтайтын қойма жоқ, сондықтан да жүк көліктері медициналық ұйымдарға тікелей жеткізіп береді. Бүгінде медициналық ұйымдардың сұранысын өтеуден бөлек, біздің қоймада 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Өңірлерге жүк көліктері тыным таппай күнделікті жеткізіп отыр», - деді ол. Аталған мекеменің ресми дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта COVID-19 індетіне арналған 8,2 млрд теңгені құрайтын 44 атаулы дәрі-дәрмек сатып алынуда. Айта кетсек, Антикор қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге елордадағы СҚ Фармация ЖШС қоймасындағы дәрі-дәрмек қорына қатысты мониторинг жүргізді.
ҚазАқпарат




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 01:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30