Мәселе

"Коронавирустың кесірі": Елімізде аналар өлімі артқан

  • "Коронавирустың кесірі": Елімізде аналар өлімі артқан

Елімізде ана өлімі мен жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан көз жұму көрсеткіші біршама артқан. Мұны денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде айтты. Шенеуніктің сөзінше, жүрек дертінен құрбан болғандар көрсеткішінің күрт өсуіне коронавирус себеп. Бір сағаттан астам уақытқа созылған жиында министр өзге де мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Еуразия бірінші" арнасы  хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде коронавирус ырық бермей тұрғанда, өзге де дерттерге қарсы тұруға мәжбүрміз. Бірақ пандемияға дейінгі қауқармен емес. Соның салдарынан ана өлімі мен жүрек-қантамыр жүйесі дертінің құрбандары артқан.
"Саланың бірқатар маңызды көрсеткіштері төмендеді. Бұл ең алдымен ана өліміне қатысты. Көрсеткіш бір жыл ішінде 2,6 пайызға артқан. Сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 15 пайызға өскені байқалды. Мұның бәрі коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ана мен бала демекші, өткен жылы 427 мың нәресте дүниеге келіпті.

Жиында жасанды ұрықтандыру жайы да сөз болды. Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқылы жеті мың квота бөлінбек. Репродуктивті технологиялар қызметін 27 клиника көрсетсе, оның 19-ы медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді. 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 14:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30