Мәселе

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді

  • © politic.bugin.kz

    © politic.bugin.kz

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді. Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған соты осындай шешім шығарды.


Соттың пайымдауынша, тергеу органдары істі жан- жақты зерттемегендіктен, сотталушыларға қылмыстық іс баптары дұрыс қолданылмаған.


Судьяның пікірінше, тергеушілер қылмыстың қай жерде, қалай жасалғанын дәлелдейтін материалдарды айыптау актісіне енгізбеген. Оқиға орнында қандай әрекеттер болғанын тек екі тараптың ауызша түсініктемелерінен ғана жинаған. Онымен қоса. сол айыптау актісінің өзінде бір - біріне кереғар жауаптар көп.


Мұны сотталушылардың қорғаушылары соталды тыңдауда айтқан еді.


Жәбірленуші тарап та «заңсыз аңшылықпен айналысты» деп айтыпталған төртеуге «қылмыс туралы жария етпеу» және «қылмысты жасыру» баптарын қолдануды сұраған.


Еске салсақ, биыл қыста. қаңтардың 13-і күні Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында броканьерлер 2 табиғатты қорғау инспекторына оқ жаудырып, қуып жеткен Ерлан Нұрғалиевті мылтықпен таяқтың астына алған. Келесі күні қорықшы қайтыс болды. Оны ұрған 3 адам «кісі өлтіру» бабымен айыпталды.


astanatv.kz


 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 12:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30