Мәселе

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік неліктен жұмыстан шығарылмағаны белгілі болды

  • Фото: otyrar.kz

    Фото: otyrar.kz

Шымкент әкімдігі Қазақстан азаматтығынан айырылған Олег Почиваловтың ісі бойынша пікір білдірді. Ведомстводағылар Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұрауына жауапта Олег Почиваловты сот процесіне байланысты Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы қызметінен шығара алмайтынын айтты.

 

Әкімдік өкілдері шенеуніктің Қазақстан азаматтығын жоғалту ісі сотта қаралып жатқанын мәлім етті.

 

"Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының 9 ақпандағы ұйғарымы бойынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы № 5 қорытындысы және 2021 жылғы 21 қаңтардағы Олег Владимирович Почиваловқа қатысты хабарлама туралы арызды қарау сот шешімді толық және түпкілікті қабылдағанға дейін тоқтатылды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

 

Шымкент әкімдігінің қызметкерлері шенеунікті жұмыстан шығаруға құқы жоқ екенін айтты.

 

"Іс сотта қаралып жатқандықтан, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.В. Почиваловты сот талқылауы аяқталғанға дейін жұмыстан босату немесе жазалау туралы мәселені қарау мүмкін емес", - делінген ресми сауалға жауапта.

 

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталған болатын. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1904    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 18:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30