Мәселе

Қосанов парламентке барып, жұртты алаңдатып отырған мәселені көтерді

  • https://kznews.kz

    https://kznews.kz

Бүгін парламент мәжілісінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы таныстырылды. Сол жерде қоғам белсендісі Әміржан Қосанов митингтер мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, бүгінде заң үстемдігі бар, ал құқық үстемдігі жоқ. Сол сияқты Конституцияда митинг өткізуге құқық берілген. Алайда оны заңмен шектеп тастаған.


"Кеше президент Тоқаевтың өзі митингілер туралы заңдарды өзгерту туралы айтты. Бірақ ол заңнама қандай болады деп күтіп отырмыз. Тағы да баяғы сарынға салынып, әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, қаланың шетіндегі түкке тұрмайтын алаңға барып, митинг ұйымдастырамыз ба? Жоқ, әлде өркениетті мемлекеттегідей орталық саябақтарда өткіземіз бе?", - деді Қосанов.


Осы сұраққа әділет вице-министрі Наталья Пан жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, митингілер туралы заң жобасын әзірлеу туралы нақты тапсырма бар. Қазіргі кезде осы құжатты қай мемлекеттік орган әзірлейтіні талқыланып жатыр.


"Бұл заңды әзірлеуге ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауапты болуы тиіс деп ойлаймыз. Заң жобасы 2019 жылдың желтоқсан айына дейін әзірленеді. Өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. Соның бәрі парламентте таныстыралады", - деді Пан.


 




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 19:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30