Көші-қон инспекторына "алғыс" ретінде 5 мың теңге берген әйел сотталды

03 тамыз 2023, 19:40

Көші-қон саласындағы қызметтер үшін ақшалай сыйақы түрінде бес мың теңге аударған әйелге 483 000 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының хабарлауынша, Бейнеу аудандық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 676-бабы бойынша іс қаралды.

 

Сот Бейнеу ауданы ішкі істер басқармасының Көші-қон қызметі инспекторының шотына бес мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы аударғанын анықтады. Мекен-жайы бойынша әйелдің келінін уақытша есепке қою үшін қажетті құжаттарды дайындағаны үшін "алғыс" ретінде берген.

 

"Инспектордың шотына банк қосымшасы арқылы қаражат жіберіп, жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ құқық бұзушылық жасады. Қаулымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 483 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді",- деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.          

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz