Мәселе

Көші-қон комитеті қандастардың квотасын не себепті азайғанын айтты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ішкі істер министрлігі қандастарға арналған жыл сайынғы квотаны азайтудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжановтың айтуынша, бүгінде жыл сайынғы квота толығымен орындалмайды. Сол себепті оның көлемін азайтты.

 

"Негізі, квота мәселесі біздің құзіретімізге кірмейді. Себебі оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді. Бірақ осы салада жұмыс істеп жүргеннен кейін оны жақсы білеміз. Бізде жыл сайын квота бөлінеді. Алайда ол квота 100 пайызға орындалмайды. Себебі қазір қандастардың келуі азайып жатыр. Оның әртүрлі себептері бар", - деді Сейітжанов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның сөзіне қарағанда, елімізге Қытай мен Өзбекстаннан қандастар көп келеді. Олардың саны да азайды.

 

Айта кетейік, өткен жылдың соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар куәлігі eGovMobile қосымшасында қолжетімді екенін хабарлаған болатын. Ал ондай сервис мемлекеттік мекемеге құжаттың түпнұсқасын өзімен бірге алып келмегендер үшін қолайлы.

 

Куәлік иесі телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электронды құжатын талап еткен жерге көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

 

 

 




Көрілген: 1808    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31