Мәселе

Көшеде бетпердесіз жүргендерді фотоға түсіріп, айыппұл салады дегн ақпарат тарады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желіде медициналық бетперде тақпай жүргендерге айыппұл салу туралы тағы бір ақпарат пайда болды. Бұл жолы елді мекендерде жүрген топтар бетперде тақпай жүргендерді фотоға түсіріп, оның жеке тұлғасын анықтайды, сол адамға айыппұл салынғаны туралы хабарлама келеді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Stopfake.kz сайының хабарлауынша, Қазақстанда мұндай шаралар іске асырылып жатқан жоқ.

 

Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасының қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

"Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ заңбұзушылық анықталған жағдайда, олар баянат жазып, құқықбұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжаттар өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасының қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Содан кейін ғана айыппұл салынады", &ndash түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Оның айтуынша, фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды.

 

Айта кетейік, карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (1 АЕК &ndash 2 778 теңге) мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

 

 

 




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 13:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31