Мәселе

Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

  • Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

    Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Тұрғындардың айтуынша вакциналациялау ерте көктемде мал қорада тұрған кезінде қолға алынбай, өріске шыққанда жүргізілуі ауруға себеп болуы мүмкін дейді

Қостанай облысындағы Рыспай ауылының тұрғындары бар малымыздан айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы. Себебі, бір айдың ішінде олардың 75 бас ірі қарасын бруцеллез деген желеумен алып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ кейін солардың үшеуінен ғана нақты жұқпалы дерт анықталыпты. Қалғандары күмәнді деген диагнозбен пышаққа іліккен. Тұрғындар жақында тексерушілер тағы келеді деп отыр.

Баршагүл Есболатованың үш сауынды сиыры бар. Күніне алатын 30 литр сүтінен қаймақ-майын айырып, артылғанын өткізеді. Бүтін бір отбасы осы төрт-бес тұяқты малға қарап отыр. Ертең алып кетсе не болады деп налиды.

"Енді келіп, карантинге жабамыз, қолда бар малдың бәрін бір айдың ішінде құртыңдар деді. Соны біз түсінбейміз. Егер шықпаса, мен неге ол малды құртуым керек", – дейді Рыспай ауылының тұрғыны Баршагүл Есболатова.
Бұл мәселе тек Баршагүлді емес, осындағы бар жұртты мазалайды. Өздерінің айтуынша, бір аптадан бері мұнда Күлтөбенің басында күнде жиын.

"Ауру ма, ауру емес пе, біз қайдан білейік, әкетті бітті" деген халықтың көкейінде сұрақ көп. Әсіресе, күмәнді деген диагноздың не білдіретіндігін түсінбей дал.

"Үшінші келгенде егер тағы ауру күмәні шықса малдың барлығын жинап, алып кетеміз деді. Уақыт барда сендер бәрін тапсырып жіберіңдер дейді. Сонда бізге малсыз қал деп отыр ғой", – дейді жергілікті азаматтардың бірі Еркін Молыбаев.

Ал Құралай Қуатова болса, мал кеткен соң жұмыссыз қалғанын айтады.

"Сол сиырға қарап отырғанбыз. Енді 1-2 қойымыз, бір бұзауым бар. Оны айтуға қорқам, келіп алып кете ме деп", – дейді.

Ауылдықтардың айтуынша жылда бруцеллез әрі кеткенде 3-4 бастан шығатын. Бірақ мұндай жаппай ауруға шалдығу болған емес. Оған вакциналациялау ерте көктемде мал қорада тұрғанда қолға алынбай, өріске шыққанда жүргізілуі негізгі себеп болуы мүмкін дейді.

Ал бұл пікірге қатысты аудандық бас ветеринардың айтар өз уәжі бар.

"Барлық аурудың алдын-алу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілді. Қостанай ауданында 6 елді мекен бар. Көктем айлары солардың әрқайсысында ветеринарлық шаралар тиісті мезгілінде өткізілді. Біз Рыспайға 24 сәуірде келдік, 235 қан сынамасы алынды. Егер үш сатылы сараптама қорытындысының біреуі оң нәтиже көрсетсе, ол күмәнді саналады. Тағы қайтара талдау күмәнді болса, малда ауру белгілері бар деген сөз", – дейді "Ветеринарлық станция" КМК басшысының міндетін атқарушы Самат Құсайынов.

Рыспайлықтар осы мәселенің ақ-қарасын анықтауды сұрап, облыс, аудан әкімдігіне хат жолдады. Арна тілшілерінен кейін аудандық денгейдегі жауапты мамандар, билік өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесуге барған. Енді ауыл карантинге жабылады. Республикалық арнайы отряд келіп, малдарды қайтара тексереді. Ал карантиннің қаншаға созылары әзірге беймәлім.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31